bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның сыртқы сауда пала ...

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі өзара ынтымақтастық болашағын талқылады

img

«Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Дана Қасымова мен Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Эдуард Кинсбрунердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Эдуард Кинсбрунер Қазақстанның неміс бизнесі үшін маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан — Орталық Азияда Германияның негізгі экономикалық серіктесі. Германия мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы Германияның бүкіл аймақпен жалпы айналымының 85%-ын құрайды, оның едәуір бөлігі инвестицияларға тиесілі», — деп атап өтті ол.

Өкілдік басшысының айтуынша, Германияның іскер топтары логистика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, дуальды білім беру және индустрияландыру сияқты салаларда ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, ол Орталық Азиядағы неміс бизнесін қолдауға бағытталған Палатаның қызметі туралы айтып берді.

«Біз консалтингтік, заңгерлік және бухгалтерлік қызметтер ұсынамыз, қажет болған жағдайда — саяси қолдау көрсетеміз», — деді Эдуард Кинсбрунер.

Эдуард Кинсбрунер бизнес кездесулерді қазақстандық кәсіпкерлермен бірге Астана мен Алматыда ұйымдастыруды ұсынды, бұл іскерлік байланыстарды нығайтуға көмектеседі.

Өз кезегінде Дана Қасымова екі ел арасындағы ынтымақтастықты жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Сыртқы сауда аалатасы Германиямен экономикалық байланыстарды дамытуға белсенді жұмыс жасауда. Біздің ынтымақтастығымыз көптеген бағыттарды қамтиды, ал тұрақты іскерлік кездесулер елдеріміздің кәсіпорындары арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті ол.

Екі жақ бірлескен бастамаларды іске асыруға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

view 32
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.