bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада үнді жібегінің...

Астанада үнді жібегінің көрмесі өтіп жатыр

img

2026 жылғы 17 қыркүйекте Астанада Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Үндістанның Жібек экспортын дамыту жөніндегі кеңесі (ISEPC) ұйымдастырған жібек көрмесі және сатушылар мен сатып алушылардың кездесуі өтіп жатыр.

Ашылу салтанатына Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Я. К. Сайлас Тангал, ISEPC, салалық бірлестіктер, қазақстандық және үндістандық компаниялардың өкілдері қатысты.

Іс-шарада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдаулетова сөз сөйледі. Ол өз сөзінде сауданы дамыту және ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнату үшін екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей диалогтің маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай алаңдар кәсіпкерлерге өнімдермен танысып қана қоймай, жеткізу шарттарын, логистиканы, нарық талаптарын және одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын тікелей талқылауға мүмкіндік береді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан мен Үндістан кәсіпкерлері арасында байланыс орнатуға жәрдемдесуге және жаңа бірлескен бастамаларды қолдауға дайын», — деп атап өтті Мадина Есдаулетова.

Көрмеде жібек маталар, кілемдер, шарфтар, палантиндер, қолөнер бұйымдары және үндістандық өндірушілердің басқа да өнімдері ұсынылған. Бағдарламада сондай-ақ таныстырылымдар, көрме стендтерін аралау және үндістандық жеткізушілер мен қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы B2B-келіссөздер қарастырылған.

Іс-шара аясында Үндістанның Жібек экспортын дамыту жөніндегі кеңесі мен Qaz Textile Industry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат салалық өзара іс-қимылды нығайтуға және екі елдің кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

view 53
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.