Басты бет Палата туралы

Палата туралы

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы туралы

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 2014 жылы 29 шілдеде құрылды. Өз қызметінің басынан бастап ол қазақстандық бизнесті дамытуда, сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуда және елдің жаһандық экономикаға интеграциялануында шешуші рөл атқарады. Ұйым отандық компаниялар үшін сенімді серіктес болып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына, жаңа іскерлік байланыстарды іздеуге және әлемнің үздік кәсіпкерлік тәжірибелерді енгізуге жәрдемдеседі.

2017 жылдан бастап Сыртқы сауда палатасы Халықаралық сауда палатасының (International Chamber of Commerce, ICC) және Дүниежүзілік палаталар Федерациясының (World Chambers Federation, WCF) мүшелері қатарына енді. Бұл ұйымдар 13000-нан астам сауда-өнеркәсіп палаталарын біріктіріп, 130 елдегі 46 миллион компанияның мүдделерін білдіреді. 

Осы мүшеліктің арқасында Палата халықаралық ұйымдармен әріптестікті белсенді дамытады, сондай-ақ жетекші халықаралық форумдарға, көрмелерге және іскерлік миссияларға қатысады. Бұл отандық компаниялардың жаһандық нарықтарға, инновациялық технологияларға және өзекті іскерлік аналитикаға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа ICC және WCF мүшелігі Қазақстанның сенімді және әлеуетті әріптес ретіндегі беделін нығайтады, елдер арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қосымша жағдайлар жасайды. Сыртқы сауда палатасы өзара сенімді дамытуға және ұзақ мерзімді ынтымақтастық құру үшін платформа жасауға себептесіп, қазақстандық және шетелдік бизнес арасындағы стратегиялық «көпір» рөлін атқарады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы — еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларын куәландыру және Карнет АТА ресімдеу бойынша қызметтер көрсететін елдегі жалғыз уәкілетті ұйым.

Форс-мажор туралы куәліктер компанияларды шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын төтенше және алдын алуға болмайтын оқиғалардың басталғанын растайды.

Карнет АТА — баждар мен салықтарды төлемей тауарларды уақытша әкелуге және әкетуге мүмкіндік беретін халықаралық кедендік құжат. Бұл қазақстандық компаниялардың халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге және іскерлік миссияларға қатысуын әлдеқайда жеңілдетеді, әлемдік экономикаға кірігу үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы — әлемдік аренада бизнесіңізді ілгерілетудегі Сіздің сенімді серіктесіңіз.

about
bg
bg

Біздің жетістіктер

2023-2024

Қазақстандық және шетелдік бизнестің 3200-ден астам өкілдерінің қатысуымен 230-дан астам бизнес-іс-шаралар және іскерлік кеңестердің 23 отырысы өткізілді. Нәтижесінде 2,23 млрд. долларлық 72 келісім мен келісімшартқа қол қойылды. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы экспорттаушылардға сервистік қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның және инвестициялық бизнес-форумдар өткізу жөніндегі бағдарламаның функцияларын орындады. 

Осы кезеңде біз мемлекеттік органдардан 2990-нан астам хат және жеке сектордан 2810 өтініш өңдедік.

Осы бастамалар аясында:

> 400

экспортерге қолдау көрсетілді

> 130

экспорттық 273 млн. долларлық келісімшарт жасалды

> 30

инвестициялық 100 млн. долларлық келісім жасалды

> 492

форс-мажор туралы куәлік берілді

> 136

форс-мажор туралы куәлік өтеусіз берілді

> 2990

мемлекеттік органдардан келген хатқа жауап жіберілді

> 2810

жеке сектордан келген өтінішке жауап жіберілді

Өткізілді:
20

бизнес-форум

23

Іскерлік кеңестер отырыстары

Қатысқандардың арасында:
5000

қазақстандық компания

1500

шетелдік компания

Біздің миссия

Қазақстандық компаниялардың инновацияларға, ресурстарға және тұрақты өсу үшін мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, олардың халықаралық нарықтардағы позицияларын нығайту. 

Біз шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнату үшін қолайлы жағдай жасаймыз, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесеміз және Қазақстанның жаһандық аренада сенімді және әлеуетті іскер серіктес ретінде танылуына үлес қосамыз.

Отандық кәсіпкерлерді қолдай отырып, біз сараптамалық кеңестер ұсынамыз, Халықаралық көрмелер, форумдар мен іскерлік миссиялар ұйымдастырамыз, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығуды және озық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз.

Біздің мақсатымыз — кәсіпкерлік қоғамдастықты бәсекеге қабілеттілікті арттыруға шабыттандыру, Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына ықпал ету және оның әлемдік экономикадағы ұстанымын нығайту.

logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.