Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты құжаттарды куәландыру
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары
Кім жүгіне алады
- Заңды тұлғалар
- Жеке кәсіпкерлер
- Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мүдделерін білдіретін тұлғалар (сенімхат, тапсырма шарты немесе заңнамада көзделген өзге де құжат негізінде)
Қандай құжаттар куәландырылуы мүмкін
- Құрылтай құжаттары және/немесе өтініш берушіні немесе өтініш беруші мүддесін білдіретін тұлғаны тіркеуді растайтын құжаттар (құрылтай шарты, жарғы, үзінді көшірмелер және т.б.)
- Сыртқы экономикалық немесе онымен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына сенімхат
- Сыртқы экономикалық шарттар, келісімшарттар, келісімдер
- Спецификациялар
- Инвойстар
- Қаптама парақтары
- Тауарлық-көлік құжаттары (CMR, коносаменттер, әуе жүкқұжаттары, теміржол жүкқұжаттары)
- Көлік құжаттары (көлік-экспедициялық қызметтерге арналған шарттар, экспедиторға тапсырмалар, тасымалдауға өтінімдер және т.б.)
- Сақтандыру құжаттары (сақтандыру шарттары, сақтандыру полистері, сертификаттар және т.б.)
- Коммерциялық ұсыныстар мен баға тізімдері
- Экспорттық декларациялар
- Рұқсат беру құжаттамасы (тауардың шығу тегі туралы сертификаттар, фитосанитариялық және ветеринариялық сертификаттар, сәйкестік декларациялары мен сертификаттары және т.б.)
- Төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, аударым туралы өтініштер, шоттардан үзінді көшірмелер және т.б.)
- Тауарға арналған техникалық құжаттама (сызбалар, жоспарлар, техникалық спецификациялар, технологиялық карталар және өзге де техникалық құжаттама)
- Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарды келісуге қатысты тараптардың түсіндірмелері, хат-хабарлары және өзге де құжаттары
- Сыртқы экономикалық құжаттардың түпнұсқалары
- Сыртқы экономикалық құжаттардың көшірмелері
- Сыртқы экономикалық құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары
- Сұрау салушы тараптың талабы бойынша құжаттар
- Өзге де құжаттар
Өтінішке не қоса беріледі
- Куәландырылуға жататын сыртқы экономикалық құжаттар (сыртқы экономикалық құжаттардың атауы мен деректемелері көрсетіледі)
- Құрылтай құжаттарының көшірмелері
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі
- Заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі
- Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарламаның (күні мен нөмірі көрсетіледі)
- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
- Өкілдің сенімхаты (бар болса) және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі)
- Өтініш берушінің өтінішке қоса берілетін сыртқы экономикалық құжаттарды куәландыру үшін ҚССП-ға жүгінуіне негіз болған шарттың/келісімшарттың/келісімнің көшірмесі
- Өтініш берушінің банктік деректемелері
- Өзге де құжаттар
Негізгі талаптар
- Ұсынылатын барлық құжаттар қағаз және электрондық түрде оқылатын болуы тиіс: мәтіні түсінікті, анық, тиісті сапада және түсінуге қиындық келтірмейтіндей болуы қажет
- Өтініш беруші құжаттардың сапасына қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда, ҚССП сыртқы экономикалық құжаттарды куәландырудан бас тартуға құқылы
- Куәландыруға ұсынылатын сыртқы экономикалық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе олар қолданылатын аумақтағы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай құжаттардың нысанына қойылатын талаптарға сай ресімделуі тиіс
- Құжаттар мекені елге және осы құжаттарға қойылатын талаптарға байланысты мемлекеттік, орыс тілдерінде немесе шет тілінде жасалады
- Куәландыру жазбалары ағылшын тілінде жасалады
- Егер куәландырылатын сыртқы экономикалық құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес шет тілінде ресімделсе, өтініш беруші ҚССП-ға осындай құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады
- Өтініште және оған қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады
Куәландыру мерзімі
Өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде куәландырылады. Өтінішті алған күн сыртқы экономикалық құжаттарды куәландыруға арналған өтініштің ҚССП-да тіркелген күні болып есептеледі.
Құны
1 (бір) құжат бірлігін куәландыру құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілген.
Маңызды
- Куәландырылатын сыртқы экономикалық құжаттарда өшірулерге, дақтарға және куәландырылмаған түзетулерге жол берілмейді
- Куәландырылатын сыртқы экономикалық құжаттарда көрсетілген мәліметтерге қатысты негізделген күмән туындаған жағдайда, ҚССП-ның уәкілетті тұлғасы өтініш берушіден оларды құжаттамалық растауды талап ете алады
- ҚССП құжаттар сыртқы экономикалық құжаттарға жатпаған; өтінішке қоса берілген құжаттар Қағидаларда көзделген талаптар сақталмай ресімделген және/немесе ұсынылған; өтінішті қарау барысында өтініште және/немесе оған қоса берілген құжаттарда дұрыс емес, толық емес ақпарат пен мәліметтер бар екені анықталған жағдайларда куәландырудан бас тартады
Куәландырудан бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасауға болады.
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары