Carnet АТА халықаралық құжаттары
Кеден мәселелері жөніндегі кеңесші
Carnet ATA — тауарларды бажсыз уақытша әкелуге мүмкіндік беретін халықаралық кедендік құжат. Құжат 78 елде жарамды, ол жедел кедендік ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Кедендік декларацияны орнына қолданылады және ресімдеу процесін жеңілдетеді.
Кедендік төлемдерден босатады.
Кеденде жылдам өңделеді.
Жыл бойы жарамды әрі 10 елге дейін баруға мүмкіндік береді.
- Коммерциялық үлгілер (зергерлік бұйымдар, былғары бұйымдар).
- Көрмелер мен жәрмеңкелерге арналған тауарлар.
- Кәсіби жабдықтар (медициналық, инженерлік, спорттық және т.б.).
Ескерту:
Carnet ATA тез бұзылатын, тұтынылатын және қайта өңделуге арналған тауарларға қолданылмайды.
Оның Қазақстандағы ерекшеліктері:
- Қазақстан 2010 жылы Стамбул конвенциясын ратификациялады.
- Carnet ATA жүйесі 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істейді.
- Құжатты Қазақстанның сыртқы сауда палатасы береді, ол оның сақталуына кепілдік береді.
Қызмет атауы | Құны |
---|---|
Carnet АТА стандартты жиынтығын рәсімдеу және беру | 30 АЕК |
Carnet АТА қосымша парағының бір бланкісі | 0,5 АЕК |
Кеден мәселелері жөніндегі кеңесші