bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ҚССП мен RX China Шанхайдағы...

ҚССП мен RX China Шанхайдағы халықаралық көрмеге қазақстандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады

img

2026 жылғы 12 наурызда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдәулетқызы мен халықаралық көрме ұйымдастырушы RX China компаниясының делегациясы арасында жұмыс кездесуі өтті. RX China - халықаралық RX Global көрме тобының Қытайдағы бөлімшесі және RELX Group халықаралық холдингінің құрамына кіреді. Делегация құрамында маркетингтік коммуникациялар жөніндегі аға маман Бьянка Хуан және маркетинг менеджері Кэролайн Ван болды.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық компанияларды 2026 жылғы 8–10 шілде аралығында Шанхай қаласындағы Shanghai New International Expo Centre көрме орталығында өтетін Қытайдың алюминий өнеркәсібіне арналған 21-ші халықаралық көрмесіне тарту мәселелері мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. RX China өкілдері іс-шараның форматы мен шетелдік делегациялар үшін қарастырылған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Олардың қатарында іскерлік кездесулер ұйымдастыру, көрме экспозициясымен танысу және көрмеге қатысушы компаниялармен өзара байланыс орнату мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар қазақстандық делегация өкілдері үшін жеңілдетілген шарттар қарастырылғаны, соның ішінде көрменің іскерлік бағдарламасына қатысып, көрмемен танысатын кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық қолдау, тегін тұру және тамақтану мүмкіндігі ұсынылатыны атап өтілді.

RX China компаниясының маркетинг менеджері Кэролайн Ван Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға компанияның мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан өңірдегі маңызды экономикалық серіктестердің бірі болып табылады. Біз қазақстандық компаниялардың Қытайдағы халықаралық салалық көрмелерге қатысуын кеңейтуге және ұзақ мерзімді іскерлік ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», — деді ол.

Өз кезегінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері халықаралық көрме алаңдарының отандық бизнесті сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстандық компаниялардың халықаралық салалық көрмелерге қатысуы іскерлік байланыстарды кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығаруға ықпал етеді», — деді Мадина Есдәулетқызы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдіріп, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен RX China компаниясы арасында серіктестікті дамытуға және қазақстандық кәсіпкерлердің халықаралық көрме және іскерлік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзара іс-қимыл туралы меморандум дайындап, қол қоюға келісті.

view 19
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.