Мұрат Қарымсақов KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесінің мүшесі кезекті отырысқа қатысты
Бүгін KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің басшылығы, сондай-ақ кеңес мүшелері Али Майхиев, Талант Калиева, Марат Есенов және Әлжан Естемесов қатысты.
Отырыс барысында Инвестициялар комитеті мен KAZAKH INVEST қызметіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сонымен қатар ел экономикасына инвестициялар тарту бағытындағы жаңа тәсілдер талқыланды.
Қоғамдық кеңес қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіретін алаң ретінде қызмет атқарады, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Кеңестің негізгі міндеттері — инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, инвестициялық қызметті жандандыру және KAZAKH INVEST стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсету.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 30 маусымда өткен қосымша конкурс қорытындысы бойынша Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов «Ұлттық компания «KAZAKH INVEST» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланған.