bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Мұрат Қарымсақов Индонезия...

Мұрат Қарымсақов Индонезия Елшісімен кездесу өткізді

img

2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов Қазақстан Республикасындағы (сонымен қатар Тәжікстан Республикасындағы) Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар мамыр айының басында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында қазақстандық бизнес өкілдері мен индонезиялық делегация арасында кездесулер өткізу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде тікелей іскерлік байланыстарды дамыту, экспортқа бағдарланған компанияларды қолдау және халықаралық бизнесті сүйемелдеуде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының құралдарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға және екіжақты іскерлік бастамаларды жандандыруға өзара мүдделілігін растады.

view 86
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.