bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның сыртқы сауда...

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Алжир елшілігі өкілдерімен кездесу өткізді

img

2025 жылғы 23 маусымда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің атқарушы көмекшісі, вице-консулы Мостафа Мохаммед Эльсаид Катати мырзаның кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Алжир арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективаларын талқылап, іскерлік диалогты жандандыруға өзара мүдделілік білдірді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы Асан Жәкішевтің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы оң динамика көрсетуде: 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш шамамен 76,3 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан экспорты – 73,6 млн доллар, Алжирден импорт – 2,7 млн доллар. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықты айтарлықтай кеңейтуге әлеует бар.

— Алжир солтүстік африкалық аймаққа шығуға мүмкіндік беретін еркін сауда аймақтарына қолжетімділігі, стратегиялық маңызы бар географиялық орналасуы мен қуатты өнеркәсіптік әлеуетімен қазақстандық бизнес үшін ерекше қызығушылық тудырады. Өз кезегінде, Қазақстан ЕАЭО, Орталық Азия және Қытай нарықтарына шығу мүмкіндігін, сондай-ақ тұрақты инвестициялық ахуалды ұсынады, — деді Асан Жәкішев.

Тараптар өзара іс-қимылды тәжірибелік тұрғыда жалғастыруға, оның ішінде B2B кездесулерін, іскерлік миссияларды және кәсіпкерлерге арналған сараптамалық қолдауды ұйымдастыруға уағдаласты. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы алжирлік компанияларға «бір терезе» қағидаты бойынша заңгерлік, талдамалық және логистикалық кеңес беру қызметтерін ұсына отырып, олардың қазақстандық нарыққа шығуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Кездесу конструктивті атмосферада өтіп, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалады.

 

view 25
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.