bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ТМҰ Бизнес-форумын...

ТМҰ Бизнес-форумын ұйымдастырушыларға Әзербайжан тарапынан алғыс хат жолданды

img

Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Бизнес-форумын ұйымдастырушылардың атына Әзербайжан Республикасының Кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) ұйымдары ұлттық конфедерациясынан алғыс хат келіп түсті.

НПП РК «Атамекен» Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың атына жолданған хатта әзербайжан тарапы форумға шақырғаны және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін терең ризашылығын білдірді. Құжатта форумның Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы (TCCI) аясындағы диалогты тереңдету мен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды алаңына айналғаны атап өтілген.

Сондай-ақ хат авторлары форумның жоғары кәсіби деңгейде өткенін атап өтіп, Әзербайжан делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен ерекше ықылас іс-шараға нәтижелі қатысуға мүмкіндік бергенін жеткізді.

Хатта TCCI мүшелерінің Жабық отырысы аясында өткен талқылауларға ерекше назар аударылған. Әзербайжан тарапының пікірінше, көтерілген мәселелер институционалдық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және Одақтың дамуының перспективалы бағыттарын айқындауға ықпал етеді.

Хат соңында Әзербайжан Республикасының Кәсіпкерлер ұйымдары ұлттық конфедерациясы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Хатқа конфедерация президенті Мамед Мусаев қол қойған. 

view 43
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.