bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі Термез диалогына қатысты

img

2025 жылғы 19–21 мамыр аралығында Өзбекстанның Термез қаласындағы Халықаралық сауда орталығында өңірлік ынтымақтастықты, бейбітшілік пен тұрақты өркендеуді дамыту мәселелеріне арналған Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі халықаралық диалог өтті.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы «Атамекен» мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының атынан Басқарма мүшесі – Палата аппаратының басшысы Асан Жәкішев қатысты.

Өз сөзінде ол іскерлік байланыстарды нығайтудың, логистикалық тізбектерді дамытудың және өңірдегі экспорттық әлеуетті қолдаудың маңыздылығын атап өтті:

«Қазақстан үшін ірі экспорттаушы және транзиттік мемлекет ретінде шетелге өнім шығару мен қажетті тауарларды импорттау үшін сенімді әрі қолжетімді бағыттарды қамтамасыз ету – аса маңызды. Логистикалық мәселелерді шешу – кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіп, өңірді инвестициялар үшін тартымды етуге мүмкіндік береді», — деді Асан Жәкішев.

Сонымен қатар, ол мемлекеттер мен жеке сектор арасындағы диалогтың, сондай-ақ логистикалық және сауда кедергілерін кешенді түрде еңсерудің қажеттілігін атап өтті. Өз сөзінде Асан Жәкішев Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» ҰКП-ның халықаралық ынтымақтастықты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, экспорттық бағдарламаларды іске асыру және инвестициялық жобаларды ілгерілету бойынша жұмысы туралы айтып өтті.

Ерекше назар көлік-логистика хабтарын дамытуға, процестерді цифрландыруға, қаржы институттарымен ынтымақтастыққа және өңірде қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыруға аударылды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Термез диалогына қатысуы – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы өңірлік өзара байланыстарды нығайту және интеграциялық процестерді қолдау бойынша күш-жігердің жалғасы болды.

 

view 28
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.