bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен CntrBiz-CA стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

img

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «CntrBiz-CA» ЖШС International Business Desk Kazakhstan (IBD Kazakhstan) цифрлық сервистік платформасын дамытуға бағытталған ынтымақтастық (стратегиялық әріптестік) туралы келісімге қол қойды.

Құжат Қазақстан Республикасымен халықаралық іскерлік өзара іс-қимылды сүйемелдеу саласындағы әріптестікті дамытуды көздейді. Бұл бағытта IBD Kazakhstan цифрлық платформасы сыртқы экономикалық қызметке қатысатын шетелдік және қазақстандық компаниялар үшін қосымша сервистік, коммуникациялық және бағыттаушы құрал ретінде қызмет етеді.

IBD Kazakhstan платформасы Қазақстанда бизнес жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі шетелдік және отандық компанияларға кешенді сервистік қызметтер көрсету мақсатында құрылуда. Жоба аясында бизнес сұраныстарын сүйемелдеуге, іскерлік байланыстарды ұйымдастыруға және халықаралық экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға арналған цифрлық құралдарды енгізу жоспарланған.

Қол қойылған келісім тараптардың сараптамалық әлеуетін біріктіріп, халықаралық іскерлік байланыстарды дамытуға, жаңа серіктестер тартуға және Қазақстанды бизнес жүргізу мен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру алаңы ретінде қарастыратын шетелдік компаниялар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін заманауи сервистік инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді.

 

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және елдің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайтуға әрі инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған бизнесті қолдаудың жаңа құралдарын енгізу жөніндегі жұмыстарын жалғастыруда. 

view 90
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.