Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Кениямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған онлайн-семинарға қатысты
2026 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған онлайн-семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Кениядағы Елшілігі ұлттық даму институттары мен бизнес-құрылымдардың қолдауымен ұйымдастырды.
Семинарға Қазақстан мен Кенияның іскер топтарының және бейінді мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылардың қатарында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті мен бизнесті қолдау тетіктері туралы презентация ұсынған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы да болды.
Өзінің сөз кезегінде Палатаның коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдаулетова «Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықтың сауда-экономикалық әлеуеті: Сыртқы сауда палатасының қолдау тетіктері» тақырыбындағы презентациясын таныстырды. Онда қазақстан-кения қатынастарының қазіргі деңгейі мен даму серпіні көрсетілді.
Презентация барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық басталғаннан бергі тауар айналымының өсуі туралы ақпарат ұсынылды: өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 20 пайыздан астамға артқан.
Сыртқы сауда палатасы Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығына қолжетімділік, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылым, елдің транзиттік әлеуеті және мол табиғи ресурстар.
Сонымен қатар презентацияда ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды: кениялық шай мен кофені экспорттау және оларды кейіннен Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне қайта экспорттау мақсатында Қазақстанда хаб құру мүмкіндігі; кениялық порттарды қазақстандық өнімді Африка нарықтарына жеткізу үшін логистикалық бағыт ретінде пайдалану; агробизнес, логистика, АКТ, финтех және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту.
Баяндаманың жеке бөлімі кәсіпкерлерді қолдау құралдарына арналды. Палата B2B-кездесулерін, бизнес-форумдар, көрмелер мен жәрмеңкелер, іскерлік кеңестер ұйымдастыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды цифрлық платформалар және арбитраж орталығының тетіктері арқылы сүйемелдеуді таныстырды.
«Қазақстан Кениямен экономикалық әріптестікті нығайтуға дайын. Біздің Палата екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды, инвестициялық жобаларды және практикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге әзір», - деп атап өтті Мадина Есдаулетова.
Семинарға қатысу Сыртқы сауда палатасына кениялық әріптестерге сыртқы экономикалық қызметті жүйелі сүйемелдеу тәсілін таныстыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы Палатаның институционалдық платформа ретіндегі рөлін айқындауға мүмкіндік берді.