Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы су тасқыны кезеңінде форс-мажорды растау мүмкіндігі туралы еске салады
Қазақстан Республикасының аумағында су тасқыны кезеңінің басталуымен көлік-логистикалық жүйелердің бұзылу тәуекелдері арта түседі, оның ішінде автомобиль жолдарының уақытша жабылуы және қозғалыстың шектелуі орын алуы мүмкін. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік субъектілерінің шарттық міндеттемелерін уақытылы орындауына әсер етуі ықтимал.
Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы бизнес өкілдеріне еңсерілмейтін күш-жайлардың (форс-мажор) туындауын растайтын куәлік алу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды. Егер су тасқыны салдарынан жүк жеткізу қиындықтары туындаса, жеткізу мерзімдері бұзылса немесе тараптарға тәуелсіз себептермен міндеттемелерді орындау мүмкін болмай қалса, кәсіпкерлер аталған жағдайларды ресми түрде растау үшін Палатаға жүгіне алады.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының мәліметінше, соңғы екі жылда кәсіпкерлік субъектілеріне су тасқыны салдарымен байланысты шамамен 200 форс-мажор куәлігі берілген. Бұл осындай жағдайларда бизнесті қолдау тетігінің өзектілігін көрсетеді.
Форс-мажор туралы куәлікті алу шарттық қатынастар аясында міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін негіздеуге мүмкіндік береді және соның нәтижесінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданудан сақтануға жағдай жасайды.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы сыртқы және ішкі факторлардың сыртқы экономикалық қызметке әсер етуі жағдайында бизнеске қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, осындай жағдайлар туындағанда құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
Форс-мажор куәлігін алу мәселелері бойынша:
Тел.: +7 708 585 42 81
e-mail: kazcic@atameken.kz