bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан–Қытай (Шэньчжэнь) іскерлік және инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысты

img

Бүгін Астанада Қазақстан–Қытай (Шэньчжэнь) іскерлік және инвестициялық ынтымақтастық форумы өтті. Аталған форумға Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласынан ресми іскерлік делегация қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы атынан құттықтау сөз сөйлеген Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдаулетова Қазақстан мен Қытай өзара құрмет пен сенімге негізделген стратегиялық серіктестік орнатып отырғанын атап өтті. Ол екі ел арасындағы тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын және инфрақұрылым мен көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылатынын жеткізді. Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғап тұрған табиғи көпір болып табылады, сондықтан логистика мен транзит саласында Қытаймен байланыстарды нығайту тауар айналымының артуына және халықаралық нарықтарға шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді. Сонымен қатар, Мадина Есдаулетова инновациялар мен цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта Шэньчжэнь тәжірибесін Қазақстан экономикасына енгізу жаңа өсу нүктелерін қалыптастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыратынын айтты.

Форум аясында өзара сауданы кеңейту, инновациялық технологияларды енгізу, өндірісті локализациялау, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға және экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті тереңдетуге, өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға дайын екендіктерін білдірді.

view 19
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.