bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық және қытайлық...

Қазақстандық және қытайлық бизнес практикалық ынтымақтастық пен B2B өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады

img

2026 жылғы 21 мамырда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасында China Council for the Promotion of International Trade Beijing Sub-Council (CCPIT Beijing) делегациясымен, сондай-ақ Beijing Taijing Sci-Tech Innovation Group, Xbotpark Robotics Base және Xinjiang Tianshan Technology Innovation Institute секілді қытай ұйымдары мен компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдәулетова жүргізді. Іс-шараға қазақстандық бизнес өкілдері де қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, инновациялар, зияткерлік өндіріс, технологиялар, өнеркәсіптік кооперация салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ екі ел компаниялары арасында тікелей B2B байланыстар орнату мәселелерін талқылады.

 

Қазақстандық бизнес өкілдері өз жобаларын таныстырып, қытайлық компаниялармен серіктестікті дамытуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Қытайдың іскерлік қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға дайын екенін растады.

view 11
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.