bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ҚССП мен Кенияның Ұлттық...

ҚССП мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың практикалық тетіктерін талқылады

img

2026 жылғы 21 мамырда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мұстафа Мохамед Рамадхан бастаған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар бұған дейін мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан-Кения бизнес-форумы аясында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырудың келесі қадамдарын талқылады.

Негізгі назар институционалдық келісімді екі елдің іскерлік қауымдастықтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылға көшіру мәселелеріне аударылды. Тараптар өзара сауда көлемін арттыру, компаниялар арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ Қазақстан мен Кения бизнесінің бір-бірінің нарығына шығуына жәрдемдесу тетіктерін қарастырды.

Басым бағыттардың қатарында кениялық өнімдерді Қазақстан нарығына жеткізу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, шай, кофе, жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдері, гүлдер, жаңғақтар, дәмдеуіштер және агроөнеркәсіп секторының өзге де тауарлары сөз болды. Қазақстан тарапы өз кезегінде бидай, ұн, өсімдік майлары, тыңайтқыштар, металдар, құрылыс материалдары, машина жасау және химия өнімдері бойынша экспорттық әлеуетті атап өтті. Кездесуге KNCCI, KEPROBA және Barrinate Farms компанияларының өкілдері қатысты.

Тараптар сондай-ақ екі ел нарығына шығуға мүдделі компаниялардың құрылымдалған бизнес-пулдарын қалыптастыруға, салалық басымдықтармен алмасуға, нысаналы B2B-кездесулер ұйымдастыруға, сондай-ақ келіссөздерді пилоттық жеткізілімдер мен коммерциялық келісімшарттар деңгейіне дейін сүйемелдеуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар кәсіпкерлер арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейту үшін сауда миссияларын, көрмелер мен бизнес-форумдарды өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов: «Біз бүгінгі кездесуді Бизнес-форум аясында қол қойылған Меморандумның маңызды жалғасы деп санаймыз. Қазір бізде осы институционалдық келісімді нақты іскерлік ынтымақтастыққа айналдыруға жақсы мүмкіндік бар», – деп атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауданы дамытуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және Қазақстан мен Кения бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған жүйелі әрі нәтижеге бағдарланған ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін растады.

view 80
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.