bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Руанда Республикасымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

img

Астана, 2025 жылғы 21 сәуір — Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері Руанда Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чарльз Кайонга мырзамен, сондай-ақ Сауда атташесі Лукас Мурензи мырзамен кездесу өткізді.

Тараптар Руанда Республикасы Президенті П. Кагаменің Қазақстанға ресми сапарына және AIF-2025 форумына қатысуына дайындық аясында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе металлургия, агроөнеркәсіп, туризм, ауыр өнеркәсіп, электротехника және әскери саладағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жакутова Қазақстан мен Руанда Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 2012 жылы орнаған сәттен бастап саяси диалогтың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін әлеуеттің бар екенін атап көрсетті: 2024 жылы Руандадан Қазақстанға импорт көлемі 381,7 мың АҚШ долларын құрады, негізгі импорттық тауарлар ретінде тоқыма бұйымдары, шай, әйелдер мен ерлерге арналған киімдер болды.

Кездесу барысында руандалық тараптың сұранысы бойынша шақырылған Raimbek Group және Zerde Fito қазақстандық компанияларының өкілдерімен келіссөздер өткізілді. Raimbek Group Руандадан жеміс концентратын импорттауға қызығушылық білдірді, ал Руанда өкілдері өндіріс және өнімдерді қаптау технологияларына қызығушылық танытты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар байланыс мәліметтерімен алмасты және ықтимал жобаларды, соның ішінде мұнай өнімдері саласындағы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі пысықтау үшін бизнес өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізуге келісті.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлік бастамаларды жан-жақты қолдауға және Қазақстан мен Руанда Республикасы арасындағы экономикалық диалогты кеңейтуге дайын екенін растады.

view 140
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.