bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қытай делегациясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

img

Астанада Қытайдың Шетелде даму қауымдастығы (CODA) және ҚХР Даму және реформалар мемлекеттік комитеті жанындағы Макроэкономикалық журнал кеңесінің өкілдері Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен кездесті.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жакутова және Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдаулетова қатысты.

Қытай тарапынан логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика және инновациялық технологиялар салаларында жұмыс істейтін өнеркәсіптік және инвестициялық компаниялардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды: өнеркәсіп пен агросектор өнімдерінің өзара жеткізілімін кеңейту, қытайлық компаниялардың өндірісін Қазақстанда жергіліктендіру мүмкіндіктері, индустриялық парктер мен арнайы экономикалық аймақтарды дамыту. Сондай-ақ тараптар «жасыл экономика», цифрлық технологиялар, білім беру алмасулары және «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясындағы көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударды.

Мадина Есдаулетова атап өтті: «Бүгінгі кездесу «Бір белдеу — бір жол» бастамасы мен «Қытай – Орталық Азия» саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында ынтымақтастықтың тереңдеуін білдіреді. Қазақстан сенімді серіктес болып, экономикалық өзара іс-қимылды нығайтатын және жаңа даму көкжиектерін ашатын бірлескен бастамалардың табысты жүзеге асуына қолдау көрсетуге дайын».

Диалог қорытындысы бойынша тараптар практикалық өзара іс-қимылды дамытуға және ұзақ мерзімді серіктестік байланыстарды жолға қоюға өзара мүдделілік білдірді.

view 71
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.