bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ҚССП Токио губернаторынан...

ҚССП Токио губернаторынан алғыс хат алды

img

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ҚССП Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовтың атына Токио губернаторы Юрико Коикеден алғыс хат алды.

Хатта Астанаға Токионың бес шағын және орта кәсіпорны мен стартапының сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ жасыл трансформация (GX) бағытындағы бизнес-матчинг іс-шарасын өткізуге көрсеткен қолдауы үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» ҚР ҰКП-ға ризашылық білдірілген.

Жергілікті бизнес қауымдастығының қолдауымен өткен іс-шараға Астана қаласындағы компаниялар мен ұйымдардың 100-ден астам өкілі қатысып, Токио мен Астана бизнесі арасындағы тәжірибе алмасу мен іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Токио губернаторы өз хатында Қазақстанның жасанды интеллект, цифрлық даму, халықаралық қаржы және балық шаруашылығы салаларындағы бастамаларын жоғары бағалап, іс-шара барысында орнатылған байланыстар болашақта нақты жобалар мен жаңа бизнес мүмкіндіктеріне жол ашатынына сенім білдірді.

view 114
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.