

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты форс-мажор (ерекше жағдайлар мен Hardship) куәліктерін алу мүмкіндігі туралы еске салады

Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың күрт нашарлауына және халықаралық логистикалық бағыттарға әсер етуіне байланысты, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ерекше жағдайлар (форс-мажор мен Hardship) туралы куәліктерді алу мүмкіндігін еске салады.
Аталған куәліктер қазақстандық, сондай-ақ жеткізілімдердің кешігуі, маршруттардың бұғатталуы немесе қазіргі геосаяси жағдайға байланысты туындаған өзге де объективті кедергілер салдарынан шарттық міндеттемелерді орындауда қиындықтарға тап болған шетелдік компаниялар үшін де ресімделуі мүмкін.
Атап айтқанда, бұл куәліктер жүк шекарада кідіріп қалып, экспорттаушы келісімшартта көзделген мерзімде міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайларда беріледі.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мұндай куәліктерді бекітілген тәртіпке сәйкес және құжаттық негізде тұрақты түрде береді. Толық ақпарат пен өтінім формасы мына сілтемеде қолжетімді: https://kazcic.kz/services/svidetelstvovanie-obstoiatelstv-nepreodolimoi-sily
Палата сыртқы экономикалық тұрақсыздық жағдайында экспортқа бағдарланған компанияларға қолдау көрсетуді жалғастырады.
Байланыс үшін:
+7 708 585 4281
+7 7172 47 28 81