bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Бейжің қаласының Сауда басқармасы стратегиялық әріптестікті күшейтуге уағдаласты

img

2025 жылғы 11 шілдеде Астана қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Бейжің қаласының Сауда басқармасы делегациясы арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен бастамаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Қазақстан тарапынан кездесуге Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы Асан Жәкішев қатысты. Қытай делегациясын Бейжің қаласының Сауда басқармасы басшысының орынбасары Чжан Хуаюй бастап келді.

Тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын белгіледі. Келіссөздер барысында қаралған негізгі тақырыптардың қатарында – қытайлық кәсіпорындардың Қазақстанда өтетін 20-шы Қытай тауарлары көрмесіне қатысуы, қазақстандық бизнеспен B2B-кездесулер ұйымдастыру, бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды дамыту, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру болды.

Тараптар тұрақты және ұзақмерзімді ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруға, екі елдің инвестициялық ахуалы жөнінде ақпарат алмасуға және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды айқындауға баса назар аударды.

Кездесу барысында Асан Жәкішев бұл сапар сенімге, өзара тиімділікке және стратегиялық көзқарасқа негізделген серіктестіктің жаңа кезеңін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Ол халықаралық көрмелердің іскерлік өзара әрекеттестіктің тиімді құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, Бейжің делегациясының алдағы іс-шараға қатысуы бірлескен жобаларды іске қосуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қытайлық әріптестерге іскерлік іс-шараларды ұйымдастыруға, келіссөздерді үйлестіруге және көрмеден кейінгі кезеңде қолдау көрсетуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілікті растады және сауда, инвестициялар мен технология алмасу салаларында бірлескен жұмыс топтарын және іс-қимыл жоспарларын қалыптастыру тетігін пысықтауға келісті.

view 15
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.