bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ҚССП БеНиЛюкс өкілдерімен...

ҚССП БеНиЛюкс өкілдерімен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

img

2026 жылғы 2 маусымда «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов пен «БеНиЛюкс Сауда палатасы» қауымдастығының президенті Денис Ван ден Вейхтің кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен БеНиЛюкс елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін қарастырып, алдағы бірқатар екіжақты іс-шараларға дайындық барысын талқылады.

Кездесуде 2026 жылғы 23 маусымда Астанада өтеді деп жоспарланған Қазақстан – Нидерланд Іскерлік кеңесінің 2-отырысына дайындыққа ерекше назар аударылды. Қатысушылар ұйымдастырушылық мәселелерді, іскерлік күн тәртібін қалыптастыруды және екі елдің бизнес өкілдерін іс-шараға тарту тетіктерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар ағымдағы жылдың қазан айында Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында өткізу алдын ала жоспарланған Бельгия – Қазақстан Іскерлік кеңесінің 4-отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.

Кездесудің жеке тақырыбы ретінде Люксембург Сауда-өнеркәсіп палатасының 2026 жылдың күзінде люксембургтік компаниялардың Қазақстанға іскерлік миссиясын ұйымдастыру жоспарлары талқыланды. Тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы кездесулерді ұйымдастыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастырды.

«ҚССП халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейту және қазақстандық кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Жоспарланған бастамалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның Бенилюкс елдерімен экономикалық ынтымақтастығын нығайтып, іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ықпал етеді деп сенемін», – деп атап өтті Мұрат Қарымсақов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіліктерін растап, жоспарланған іс-шараларды дайындау және Қазақстан, Нидерланд, Бельгия және Люксембург арасындағы іскерлік өзара іс-қимылды кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

view 34
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.