bg
bg
Басты бет Жаңалықтар «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында...

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің отырысына дайындық мәселелері талқыланды

img

2026 жылғы 1 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» алаңында Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің алдағы отырысына дайындыққа арналған жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең Төрағасы Сабр Есімбеков, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жакутова, сондай-ақ Marubeni Corporation компаниясының Басқарушы атқарушы директоры, Корпоративтік басқару комитетінің мүшесі Сатору Итинокава бастаған жапон делегациясы қатысты. Делегация құрамында Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша өңірлік бас директор, Дубайдағы кеңсенің басқарушы директоры Тосиаки Хато, Жаһандық жоспарлау және үйлестіру департаменті бас директорының көмекшісі Мицуаки Арито және Marubeni Corporation компаниясының Астанадағы өкілдігінің бас директоры Иппэй Синодзаки болды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің алдағы отырысына дайындық мәселелерін, оның ішінде ұйымдастыру жұмыстарын, іскерлік бағдарламаны қалыптастыруды, сондай-ақ қазақстандық және жапондық серіктестер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы отырысқа дайындық жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.

view 10
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.