Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қытай халықаралық жеткізу тізбектері көрмесін ұйымдастырушыларынан алғыс хат алды
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 2026 жылғы маусым айында Бейжің қаласында өткен төртінші Қытай халықаралық жеткізу тізбектері көрмесіне (China International Supply Chain Expo, CISSE) қатысу қорытындысы бойынша Қытайдың Халықаралық сауданы ілгерілету комитетінен (CCPIT) алғыс хат алды.
Хатта көрмені табысты өткізуге қосқан үлесі жоғары бағаланып, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовқа іс-шараға белсенді қатысқаны және өнеркәсіп пен жеткізу тізбектері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірілді.
CCPIT Қазақстанның Сыртқы сауда палатасын қоса алғанда, шетелдік серіктестердің қатысуы іскерлік байланыстарды нығайтуға және халықаралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал еткенін атап өтті. Сонымен қатар ұйымдастырушылар алдағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, Қазақстан тарапын алдын ала 2027 жылғы маусым айына жоспарланған бесінші CISCE көрмесіне қатысуға шақырды.
