bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Алматыда Индонезия...

Алматыда Индонезия Сауда-Өнеркәсіп палатасының өкілдерімен нетворкинг-сессия өтті

img

2025 жылғы 21 шілдеде, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен, Алматы қаласындағы «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдігінде Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасының (KADIN) өкілдерімен нетворкинг-сессия өтті.

Анықтама үшін: Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасы (https://kadin.id/en/tentang-kadin/) — елдегі кәсіпкерлікті үйлестіру бойынша орталық ұйым болып табылады. Палата желісі Индонезияның барлық өңірлері мен муниципалитеттерін қамтиды және экономиканың барлық секторындағы бизнес-қауымдастықтарды біріктіреді. Оның құрамында 34 өңірлік палата мен 514 аудандық бөлімшені қамтитын 549 кеңсе бар. Бүгінде палатада шамамен 100 мың индонезиялық компания тіркелген. 2022 жылы Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасының жанынан Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі комитет құрылған.

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшісі Сержан Абдыкаримов өзінің құттықтау сөзінде екіжақты байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Индонезия іскерлік топтарымен сауда-экономикалық серіктестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, индонезиялық нарықта қазақстандық өнімге деген қызығушылықтың артып келе жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде, Алматы қаласындағы «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдігінің директоры Чингисхан Маманов пен Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасының Азия-Тынық мұхиты өңірі жөніндегі тұрақты комитетінің басшысы Йоханес Лукиман екі ұйым арасындағы ынтымақтастық әлеуетінің жоғары екенін, әсіресе шағын және орта бизнес секторында, атап өтті. Тараптар B2B форматында тұрақты кездесулер өткізуге және ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін растады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының АСЕАН елдеріндегі арнайы өкілі Серік Амировтың айтуынша, Индонезия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі экономика, оның АСЕАН елдерінің ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 37%-ды құрайды. Ел «екінші толқындағы жаңа индустриялық экономикалар» қатарына кіреді және жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша әлемде 27-орынды иеленіп отыр. Соңғы жылдары ел экономикасы жылына шамамен 5% өсім көрсетіп келеді, ал 2024 жылғы сыртқы сауда айналымы 498,36 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылы Индонезияға тартылған инвестициялар көлемі 20,8%-ға артып, 108,5 млрд АҚШ долларына жетті. Индонезия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үшінші ірі сауда әріптесі. 2024 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 300,5 млн АҚШ долларын құрады. Индонезия пайдасына сауда балансының оң сальдосы сақталғанымен, Қазақстаннан экспорт көлемі өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасымен тығыз өзара іс-қимыл отандық компанияларға Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында өз қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «QazTrade» АҚ өкілдері Индонезияға жеткізуге әлеуеті бар экспорттық тауар позицияларын және инвестициялық жобаларды таныстырды. Сондай-ақ, жергілікті «Family Prosperitas» консалтингтік компаниясы шетелдік компанияларға Қазақстан нарығына шығу жолындағы заңгерлік сүйемелдеу, жергілікті нарықты талдау, салық салу, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша қолдау көрсету тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен Джакартада қазақстандық экспорттық өнімдердің шоурумын ашу мүмкіндігін қарастыру, қазақстандық өндірушілердің 2025 жылғы қыркүйекте өтетін «Halal Indo Expo 2025» көрмесіне қатысуын қамтамасыз ету, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, жаңартылатын энергия және инфрақұрылым салаларындағы инвестициялық жобаларды одан әрі талқылау бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, экономика секторлары бойынша іскерлік топтар арасында мақсатты B2B кездесулер өткізу арқылы ықтимал сауда-экономикалық және инвестициялық келісімдерді егжей-тегжейлі талқылау жоспарлануда.

Мұндай кездесулер Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» ҰКП қолдауымен ұйымдастырылып, шетелдік елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша қазақстандық платформаны нығайтуға нақты үлес қосады.

view 46
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.