bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада ТМҰ елдері жабық...

Астанада ТМҰ елдері жабық отырыста Түркі сауда-өнеркәсіп палаталарының дамуын талқылады

img

Бүгін Астанада «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы мен кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика және цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» бизнес-форумы аясында Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы (TCCI) басшыларының жабық отырысы өтті.

Жиынға Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының төрағасы, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев, TСӨП Бас хатшысы Адем Кула, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әмреев, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Отырысқа Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов модератор болды. Ол кездесуді аша отырып, бүгінгі жиын «ресми ниет білдіруден нақты институционалдық шешімдерге көшуді» бекітуге бағытталғанын атап өтті.

Кездесуде жиынға қатысушылар 2026 жылдың 20 ақпанында Түркістанда өткен TCCI-дің алдыңғы отырысында қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын, сондай-ақ Одақтың ресми веб-сайтын дамыту және ұйымға мүше палаталар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Баку мен Астанада өткен алдыңғы Бас ассамблеяларда қабылданған шешімдерге, оның ішінде Логистика комитеті және Жас кәсіпкерлер комитетін құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әмреев 2026 жылға арналған жобалар туралы баяндама жасап, ТМҰ елдері арасындағы бірлескен экономикалық бастамалар мен инвестициялық ынтымақтастықты қолдау бойынша жоспарларымен бөлісті.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – TCCI қызметін жетілдіру болды. Отырысқа қатысушылар Одаққа толыққанды халықаралық ұйым мәртебесін беру үшін қажетті халықаралық құжаттарды дайындауды және TСӨП-тің тұрақты жұмыс органын құру мәселесін талқылады.

«Бүгінгі күн тәртібі Одағымызды терең трансформациялау қажеттілігінен туындап отыр. Біз мұнда өзекті идеялар мен ұсыныстармен алмасу үшін жиналдық. Мақсатымыз – TСӨП-тің ұзақ мерзімді институционалдық бейнесін айқындайтын нақты жүйелі шешімдер қабылдау», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ кездесуде TCCI Хатшылығының толыққанды жұмыс аппаратын қалыптастыру, 2026 жылға арналған қызметті тұрақты қаржыландырумен қамтамасыз ету және түркі мемлекеттерінің сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар экономикалық интеграцияны дамытуға, іскерлік кооперацияны кеңейтуге және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, логистика мен цифрландыру салаларындағы бірлескен бастамаларды ілгерілетуге дайындықтарын растады.

view 11
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.