bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Экономикалық әріптестікті...

Экономикалық әріптестікті нығайту: БАӘ Энергетика министрімен кездесу Астанада өтті

img

2025 жылғы 29 мамырда Астана халықаралық қаржы орталығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі, Жоғары мәртебелі Сухейль Аль Мазруи мырзаның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов қатысты.

Кездесу энергетикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту және орнықты технологияларды енгізу мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Қазақстан мен БАӘ арасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың оң серпіні байқалуда.

2025 жылдың қаңтар–ақпан айларындағы мәліметтерге сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 42,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға өсті. Қазақстаннан Әмірліктерге экспорт көлемі 9,2 млн долларды құраса, импорт 2,6 есеге өсіп, 32,9 млн долларға жетті. Қазіргі таңда БАӘ-ге 300-ден астам қазақстандық компания өз өнімдерін экспорттауда.

Өз сөзінде Мұрат Қарымсақов атап өтті:

«Қазақстан өңірдегі инвестиция үшін ең тартымды елдердің бірі ретінде өз мәртебесін сақтап келеді. 2005 жылдан бері БАӘ-ден тартылған тікелей инвестициялардың жиынтық көлемі 4,1 млрд АҚШ долларынан асты. Қазіргі таңда 6,5 млрд доллардан астам сомаға 40-тан астам бірлескен жоба жүзеге асырылу кезеңінде. Энергетика, логистика, агроөнеркәсіп және жасыл технологиялар сияқты салаларда әріптестікті одан әрі тереңдетуге үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз».

Кездесу барысында Қазақстанда өндірісті локализациялау, инфрақұрылым салу, кадр даярлау және технологиялар трансфері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жиын аясында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасы ұсынылды – бұл энергетикалық ынтымақтастықтың алдыңғы қатарлы мысалдарының бірі ретінде қарастырылуда.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру және екі елдің іскер топтарын одан әрі біріктіру ісінде сенімді серіктес болуға дайын екенін білдірді.

view 76
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.