bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Сыртқы сауда палатас ...

Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы Португалия істерінің сенімді өкілімен кездесті

img

«Атамекен» ҚР ҰКП Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов Португалия істері жөніндегі  сенімді өкілі Хосе Атаиде Амаралмен кездесті. Кездесу барысында елдер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ қазіргі жағдайда өзара іс-қимыл мен серіктестікті кеңейтудің кең мүмкіндіктері талқыланды.

Португалия өкілі өз тарапының да Қазақстанмен және жергілікті бизнеспен ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан өте үлкен мемлекет және өте үлкен нарыққа ие. Бұған қоса, біз үшін Қазақстанның Еуразия құрлығының бір бөлігі екендігі де маңызды және бұл өз кезегінде португал компаниялары үшін кең мүмкіндіктер ашады», - деді Португалия істері жөніндегі сенімді өкілі Хосе Атаиде Амарал.

Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы өз кезегінде екі ел бизнесінің тиімді өзара әрекеттесуі үшін Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі португалдық компаниялар туралы ақпарат жинау және жергілікті компаниялардан серіктестер іздеу маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан Сыртқы сауда палатасы өз тарапынан «бір терезе» қағидаты бойынша қазақстандық және әлемдік нарыққа шығуды қамтамасыз ететін негізгі сервистік серіктес болуға дайын», - деп қосты Мұрат Қарымсақов.

Сондай-ақ ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты және болжамды салық режимін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан еліміздегі ірі бизнес-қауымдастық екенін қосты. Палата сондай-ақ сот жүйесін жетілдіру, жалпы алғанда, Қазақстанда әділ бизнес-ортаны қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда. Заңнамаларды жаңғырту және жоғары сапалы фискалдық режимді қамтамасыз ету бизнестің сенімділігін арттырады және елге тартылатын шетелдік инвестициялардың деңгейіне әсер етеді.

«Сонымен қатар біз шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесу стратегиямызды қарастырып жатырмыз. Үкіметпен бірлесе отырып, біз әр аймақ үшін интерактивті инвестициялық карта мен инвесторлар мен инвестициялық жобалардың цифрлық тізілімін әзірлеп жатырмыз. Біз бас жоспарларды құруды және оларды бірыңғай цифрлық платформа арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз, бұл үдерістердің ашықтығын және инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді», — деді Мұрат Қарымсақов.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Португалия арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді іскерлік байланыстарды орнату үшін одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.

view 25
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.