

Латвияның Көлік министрлігі Астанада өткен табысты кездесу үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына алғыс білдірді

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовтың атына Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинька мен Латвия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі атынан алғыс хат жолданды.
Хатта 2025 жылғы 29 қыркүйекте Астанада өткен Латвия делегациясының ресми сапары аясында министрмен кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылық білдірілген.
Латвия тарапы кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, оның Латвия мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызын ерекше көрсетті. Сондай-ақ іс-шара логистика, көлік, сауда және электрондық коммерция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз болғаны айтылды.
Хаттың соңында Латвияның Көлік министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұжымына ризашылығын білдіріп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.