bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Конституциялық реформа...

Конституциялық реформа бизнестің сенімін нығайтып, тұрақты инвестициялар үшін негіз қалыптастырады — Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы

img

2026 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кездесуге мұнай-газ және энергетика салаларының, тау-кен және металлургия өнеркәсібінің, агроөнеркәсіптік кешеннің компаниялары, салалық қауымдастықтар, сондай-ақ елдің барлық өңірлерінен сарапшылар қатысты.

Кеңестің күн тәртібіне салық реформасының негізгі мәселелері, жаңа Салық кодексін қолдану практикасы, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру және іскерлік ортаны дамыту мәселелері енгізілді.

Салықтық әкімшілендіру және кәсіпкерлікті қолдау саласында іске асырылып жатқан шаралар мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым болжамды әрі сервистік моделін қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді. Кәсіпкерлер қауымдастығының ұсыныстарын жүйелі түрде пысықтаудың, әкімшілік кедергілерді азайтудың және шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тұрақты кооперациясы үшін жағдай жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау шаралары, оның ішінде субсидиялау, кепілдендіру және жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері талқыланды. Мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылындағы сервистік модельге көшуі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ ҚР «Атамекен» ҰКП-ның eGov Business платформасының цифрлық инфрақұрылымының өзегі саналатын бизнестің цифрлық картасының бастамашысы ретіндегі рөлі бөлек көрсетілді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін өзекті проблемалық мәселелердің тізбесін, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстарды ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі салалық мемлекеттік органдарға ұсыныстарды әрі қарай пысықтауға қабылдауды, шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен кооперациясына ықпал ететін мәселелерге ерекше назар аударуды тапсырды. Кеңесте қаралған мәселелер реттеуші ортаның болжамдылығын арттыруға және кәсіпкерлер қауымдастығы тарапынан сенімді нығайтуға бағытталған институционалдық және экономикалық реформаларға кешенді тәсілдің маңыздылығын растады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы конституциялық реформаны елдің инвестициялық тартымдылығын арттырудың және отандық әрі шетелдік инвесторлар тарапынан сенімді нығайтудың жүйелі факторы ретінде қарастырады.

«Бизнес үшін конституциялық реформа — абстрактілі өзгерістер емес, ойын ережелерінің тұрақты әрі түсінікті қалыптасуы. Заң үстемдігі, әділеттілік және мемлекеттің жауапкершілігі қағидаттарын Негізгі заңда бекіту кәсіпкерлердің сенім деңгейіне, инвестициялық шешімдерге және ұзақ мерзімді жоспарлауға тікелей әсер етеді. Болжамды институционалдық орта экспортты дамыту, инвестиция тарту және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін басты шарт», — деді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов.

Оның айтуынша, құқықтық негіздерді және мемлекеттік басқарудың ашықтығын нығайту кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы орта қалыптастырады, реттеушілік тәуекелдерді төмендетеді және қазақстандық экономиканың халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Экспорттаушылар мен инвесторлардың мүдделерін білдіретін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы институционалдық реформалар бағытын қолдайды және мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамыту, инвестициялар тартуға жәрдемдесу, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту әрі тұрақты іскерлік ортаны қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады.

view 60
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.