bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Экономикалық...

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 17-саммитіне қатысты

img

4 шілде күні Әзербайжанның Ханкенди қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 17-саммитіне Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы Асан Жәкішев қатысты.

Форумға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев төрағалық етті. Саммитке мүше мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Атап айтқанда: Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан, Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайип Ердоған, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Ауғанстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы орынбасары Мулла Абдул Ғани Барадар, сондай-ақ ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Хан және басқа да елдер мен өңірлік ұйымдардың делегация басшылары қатысты.

Қатысушылар халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді, сондай-ақ Ұйым аясында көпжақты серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын талқылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов ЭЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. «Саммиттің дәл Ханкенди қаласында өтуі – Әзербайжанның бейбіт даму, тұрақтылық пен ынтымақтастыққа ұмтылысын білдіреді. Бұл – өңірлік диалогты нығайту жолындағы маңызды қадам. Әзербайжан бауырлас ел ретінде экономикалық кеңістікте лайықты орын алып, негізгі даму бағыттары бойынша көшбасшылардың қатарында», – деді ол.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ЭЫҰ мүше елдерімен орнықты экономикалық өсімді ілгерілету, өңірлік кооперацияны дамыту және бүкіл өңірдің игілігі үшін бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады.

view 48
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.