bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қытайдағы Тұтыну...

Қазақстан Қытайдағы Тұтыну тауарларының бесінші халықаралық көрмесіне отандық өнімдерді ұсынды

img

Хайкоу, Хайнань (ҚХР) — Қазақстан 2025 жылғы 13-18 сәуір аралығында Қытайдың Хайнань провинциясының әкімшілік орталығы Хайкоу қаласында өтіп жатқан Тұтыну тауарларының бесінші Қытай халықаралық көрмесіне (China International Consumer Products Expo, CICPE) қатысты.

Қазақстанның ұлттық павильонында отандық өндірушілердің жоғары сапалы өнімдері – шоколад, саумал, бал, Ai Tea шайы, «Компотай» шырынды сусыны, «Нағыз Буратино» лимонады, алкогольдік ішімдіктер және басқа да табиғи әрі экологиялық тауарлар ұсынылды. Көрме қонақтары еліміздің бай дәстүрлері мен табиғи әралуандығын бейнелейтін өнімдермен танысты. Іс-шараға Қазақстан тарапынан қатысуға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қолдау көрсетті.

CICPE көрмесі — Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі тұтыну тауарларын ұсынуға арналған ең ірі алаң болып табылады. Биылғы жылы іс-шараға 71 елден 4100-ден астам бренд қатысты, оның ішінде Fortune Global 500 компаниясының 65және сала көшбасшылары.

Көрменің ұйымдастырушылары — Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі және Хайнань провинциясының үкіметі. Қазақстанның бұл көрмеге қатысуы экспорттық әлеуеттің артуына, Қытаймен экономикалық байланыстардың нығаюына және «Қазақстанда жасалған» брендінің танымал болуына ықпал етті.

Халықаралық көрмеге ұлттық павильон құру — қазақстандық бизнесті қолдау және отандық өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарықтарға ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.

Айта кетейік, 2025 жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда маңызды кезең болмақ. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар ұсынып, тұрақты салық жүйесін және әділетті кәсіпкерлік ортаны қамтамасыз етеді.

Маусым айында бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді: «Қытай + Орталық Азия» Саммиті, Қазақстан-Қытай бизнес форумы, «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесі, сондай-ақ Циндао қаласындағы ШЫҰ-ның 4-ші халықаралық инвестициялық көрмесі. Сонымен қатар, Алматыда Қытай тауарларының 20-шы көрмесі және маусым айында Бейжіңде ШЫҰ аясында «Chinese Supply Chain» – Қытайдың халықаралық жеткізу тізбегі көрмесі ұйымдастырылады.

view 50
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.