Қазақстан мен Үндістан экономикалық серіктестікті нығайтып, ынтымақтастық перспективаларын кеңейтуде
2026 жылғы 19 наурызда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақовтың Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал Янгденглунгту Кахуммен жұмыс кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағыдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық өзара әрекеттесуді кеңейту және Қазақстан мен Үндістанның бизнес-қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар фармацевтика, тоқыма өнеркәсібі, энергетика, химия өнеркәсібі, тау-кен саласы, сондай-ақ жасанды интеллект пен туризмді қоса алғанда, инновациялық бағыттардағы өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал Янгденглунгту Кахум атап өтті: «Үндістан мен Қазақстанды терең тарихи тамырлар мен берік әріптестік байланыстырады. Біз елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды халықтарымыздың игілігі үшін кеңейту мақсатында алдағы бірлескен ынтымақтастықты дамытуға үміт артамыз».
Күн тәртібінің негізгі мәселелерінің бірі фармацевтика саласындағы алдағы іс-шара - 2026 жылғы 27 наурызда Алматы қаласында өтетін India-Kazakhstan Pharma Business Meet-ке дайындықты талқылау болды. Кездесуге қатысушылар бұл іс-шараның жаңа серіктестіктер орнату, тікелей іскерлік байланыстарды дамыту және фармацевтика саласында тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң екенін атап өтті.
«Қазақстан мен Үндістан - тарихи және экономикалық байланыстары терең, достас мемлекеттер. Сонымен қатар біз сауда-экономикалық ынтымақтастықта іске асырылмаған үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы іскерлік диалогты дамытуға бағытталған бастамаларды, оның ішінде іскерлік миссияларды ұйымдастыруды, B2B кездесулерін өткізуді және кәсіпкерлердің бірлескен іс-шараларға қатысуын белсенді түрде қолдауға дайын. Жүйелі жұмыс пен бизнесті тарту арқылы біз екіжақты өзара іс-қимылды айтарлықтай кеңейте аламыз деп сенемін», - кездесу кезінде Мұрат Қарымсақов атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті екенін растады.