bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада Қазақстан-Чехия...

Астанада Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтті

img

2026 жылдың 28 сәуірінде елордада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чехия Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиштің қатысуымен Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов қатысты.

 

Изображение

 

Форум Қазақстан мен Чехияның мемлекеттік органдарының өкілдерін, іскерлік қауымдастықтарды, инвесторлар мен компанияларды бір алаңға біріктірді. Бағдарлама аясында екі ел делегация басшыларының баяндамалары, панельдік сессия, қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімі, сондай-ақ B2B форматындағы екіжақты кездесулер өтті.

 

Изображение

 

Қанат Шарлапаевтың қатысуы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазақстандық бизнес мүддесін ілгерілетудегі, халықаралық кооперацияны дамытудағы және отандық кәсіпкерлердің сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейтудегі рөлін айқындады. Палата инвестиция тартуға, экспорттық әлеуетті дамытуға және шетелдік серіктестермен тұрақты іскерлік байланыстар қалыптастыруға жүйелі түрде ықпал етеді.

 

Изображение

 

Қазақстан мен Чехия сауда-экономикалық ынтымақтастықта тұрақты оң серпін көрсетуде: 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 13,57%-ға өсіп, 705,1 млн АҚШ долларға жетті. Экспорт көлемі 121,3 млн АҚШ доллары, импорт 583,8 млн АҚШ доллары болды. 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында өзара сауда көлемі 94,4 млн АҚШ долларына жетті.

Қазақстанның Чехияға экспорты құрылымында мұнай және мұнай өнімдері, ферроқорытпалар, металдар мен химия өнімдері, соның ішінде уран мен көмірсутек шикізаты басым. Чехия Қазақстанға жоғары қосылған құны бар өнімдерді – көлік құралдарын, фармацевтиканы, электротехниканы және өнеркәсіптік жабдықтарды жеткізеді, бұл өзара толықтыратын ынтымақтастық моделін қалыптастырады.

 

Изображение

 

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовтың айтуынша, 2005-2025 жылдар аралығында Чехиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 431 млн АҚШ доллары болды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 39%-ға өсіп, 59 млн АҚШ долларына жетті. Қазір Қазақстанда чех капиталының қатысуымен шамамен 140 кәсіпорын жұмыс істейді. Негізгі серіктестер қатарында Skoda, PPF, Omnipol, Tatra, Czechoslovak Group, Zimatechnik, Ferrit, Zetor, Primoco UAV, JK Machinery, Farmet, PBS Group және басқа да компаниялар бар. Машина жасау, авиация, логистика, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

Табысты жобалар қатарында Қостанай облысында Skoda автокөліктерін ірі тораптық құрастыру өндірісі, Omnipol тобымен авиациялық техниканы жаңғырту және жеткізу бойынша ынтымақтастық, Tatra арнайы техникасын жеткізу, сондай-ақ Soufflet InVivo қатысуымен Текелідегі уыт зауытын жаңғырту жобасы бар. Қазір Czechoslovak Group-пен ынтымақтастықты және Skoda Transportation-мен бірлескен жобаларды қоса алғанда, жаңа бастамалар пысықталуда.

 

Изображение

 

Изображение

 

Қазақстан-Чехия қатынастары тек экономикамен шектелмейді, екі ел арасында мәдени-гуманитарлық, білім беру және туристік алмасу белсенді дамып келеді. Жыл сайын Чехияға шамамен 20 мың қазақстандық турист барады. Сонымен қатар Чехия қазақстандық студенттер үшін еуропалық білім алудың танымал бағытына айналды (шамамен 3 мың адам).

Форум қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және Қазақстан мен Чехияның іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

view 14
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.