bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Израильдің...

Қазақстан мен Израильдің іскер топтары жаңа бірлескен жобаларға бағдар ұстануда

img

Астана қаласында, 2026 жылғы 27 қантар айында - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палтасы Басқарма төрақасының кеңесшісі Қанат Әлин Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігінде өткен принял Қазақстан-Израиль бизнес-форумына қатысты. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы іс-шараның тең ұйымдастырушысы ретінде қатысып, екі елдің арасындағы бизнес-қауымдастықтар арасындағы диалогының дамуына тікелей қолдау көрсетті.

Қазақстан-Израиль бизнес-форумы екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының, ұлттық компанияларыларының және бизнес қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Іс-шараның негізгі өзегі - экономикалық өзара ықпалдастықты нығайту, практикалық шешімдермен алмасу, сондай-ақ орнықты даму, технологиялық жаңғырту және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бастамаларды ілгерілету.

Іскерлік бағдарлама аясында Қанат Әлин панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйлеп, форумның серіктестіктерді қалыптастыруға, инвестициялар тартуға және экономиканың басым секторларында кооперацияны ілгерілетуге бағытталған қолданбалы құрал ретіндегі маңызын атап өтті.

Өз сөзінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қазақстанның инновациялар мен жоғары технологиялар саласында берік құзыреттерге ие израильдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Атап айтқанда, агротехнологиялар, су ресурстары бойынша шешімдер, цифрлық сервистер, денсаулық сақтау және стартап-жобалар сияқты бағыттарға ерекше мән берілді. Аталған салалардың өндіріс тиімділігін арттыру және жоғары қосылған құны бар өнімді дамыту тұрғысынан Қазақстан экономикасы үшін аса өзекті екенін баса айтты.

«Қазақстан-Израиль бизнес-форумы - кәсіпкерлік байланыстарды дамытуға, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен коммерциялық жобаларды іске қосуға бағытталған кәсіби алаң. Біз практикалық өзара іс-қимылдың әлеуетін жоғары бағалаймыз: технологияларды локализациялаудан және бірлескен кәсіпорындар құрудан бастап, білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кооперациялық тізбектерге тартуға дейін. «Атамекен» ҰКП жаңа бастамаларды идеядан іске асыруға дейін қолдауға және жобаларды барлық кезеңде сүйемелдеуге дайын», - деп атап өтті Қанат Әлин.

Сонымен қатар Қазақстанның шетелдік серіктестерге ашық әрі бәсекеге қабілетті іскерлік орта, өңірлік нарықтарға қолжетімділік, дамыған инфрақұрылым, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді құралдарын ұсынатыны ерекше атап өтілді.

Форум барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы іскерлік байланыстар мен кооперацияны кеңейтудің ең жоғары әлеуеті агроөнеркәсіп кешені және агротехнологиялар, су технологиялары және ресурстарды пайдалануды оңтайландыру, цифрлық шешімдер мен IT, денсаулық сақтау және биомедициналық технологиялар, сонымен қатар өнеркәсіптік кооперация мен бизнес-қызметтер бағыттарымен байланысты екені айтылды.

Қоса кетсек, іс-шараға негізгі мемлекеттік және институционалдық құрылымдардың, сондай-ақ бизнесті және инвестицияларды қолдау ұйымдарының өкілдері де қатысты. Израиль тарапынан форум жұмысына Израиль Сыртқы істер министрлігінің және Израильдің іскер топтарының өкілдері, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі компаниялар мен ұйымдар қатысты.

Іс-шараның практикалық бөлігі компаниялар арасында тікелей байланыс орнатуға, бірлескен бастамаларды талқылауға және екіжақты жобалар үшін нақты өсу нүктелерін айқындауға бағытталған «Speed Dating» форматындағы B2B-кездесулерді қамтыды.

«Атамекен» ҚР ҰКП халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге және израильдік серіктестермен бірлескен бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін растайды. Форум қорытындылары екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, инвестициялық диалогты кеңейтуге және орнықты әріптестіктерді қалыптастыруға берік негіз болады деп күтіледі. 

view 26
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.