bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма мүшесі - Аппарат басшысы болып Бауыржан Жақсылықов тағайындалды

img

2026 жылғы 26 қаңтарда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі - Аппарат басшысы болып Бауыржан ЖАҚСЫЛЫҚОВ тағайындалды.

Бауыржан Жақсылықов 1991 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2015 жылы «Экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша Қаржы академиясын үздік бітірген. 2023 жылы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті «Executive МВА» бағдарламасы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.

Жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады, оның ішінде 6 жылдан астамы - басшылық лауазымдарда.

Кәсіби қызметінің әр кезеңінде Энергетика министрлігінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылымында басшылық лауазымдарды атқарған. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуден бастап салалық бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асыруға дейінгі аралықты қамтитын құқық шығармашылығы және стратегиялық басқару салаларында жүйелі сараптамаға ие.

Мұнай-газ кешенін, экологияны, денсаулық сақтауды және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталған.

Жаңа қызметінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының стратегиялық дамуын және институционалдық нығаюын қамтамасыз етуге, операциялық тиімділікті арттыруға, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жауапты болады.

Кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері отандық бизнестің экспорттық әлеуетін дамытуға, инвестициялар тартуға және сыртқы нарықтарда кәсіпкерлікті қолдаудың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға бағытталатын болады.

Бауыржан Жақсылықовтың тағайындалуы Палатаның жүйелі жұмысын одан әрі дамытуға және кәсіпкерлікті қолдау мен сыртқы экономикалық қызмет саласындағы басым міндеттерді іске асыруға ықпал етеді. 

 

view 76
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.