bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астана бизнес-қоғамдастығы...

Астана бизнес-қоғамдастығы мен Латвия делегациясы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

img

25 мамыр күні Астанада қала бизнес-қоғамдастығы мен Латвия Республикасының делегациясы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, тікелей іскерлік байланыстарды кеңейтуге және екі ел бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттары, сыртқы экономикалық қызмет пен елордадағы инвестициялық мүмкіндіктер, сондай-ақ қазақстандық және латвиялық компаниялар арасындағы серіктестікті дамыту тетіктері таныстырылды.

Іскерлік бағдарлама аясында шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Жүсіпбек сөз сөйлеп, Көпфункционалды кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Бір ауыл – бір өнім» стендін таныстырды. Сонымен қатар Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин Палатаның қызметі туралы баяндады, «ГРЦИ AstanaInvest» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Сабит Мұхамеджанұлы арнайы экономикалық аймақтың преференциялары жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ Балтық және Орталық Азия экономикалық даму қауымдастығы басқарма төрағасы Александрс Видякинс латвиялық делегацияның қызметімен таныстырды.

Латвия Республикасы делегациясының құрамына SIA Riga Bulk Terminals, Stena Line Ports Ventspils AS, Stena Line SIA, SIA Antvort, SIA Fixar / The Untitled Ventures, SIA Scandagra Latvia, SIA Jaunzeltini / WT Terminals, SIA Jauda, AS Riga Port Group, KS Jurgensburg Agro, Latraps, KS VAKS, STC, Smiltenes piens, AS Baltijas Tranzīta Serviss (BTS), Балтық және Орталық Азия экономикалық даму қауымдастығы, сондай-ақ Латвияның Орталық сүт өндірушілер одағының өкілдері кірді. Делегация логистика, транзит, порттық инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен, өңдеу, инвестициялар, машина жасау, сертификаттау және халықаралық сауда салаларын қамтыды.

 

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы болды. Кездесудің негізгі бөлігі қатысушылар арасындағы еркін пікір алмасу болды. Оның аясында тараптар логистика, сауда, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік кооперация және инвестициялар салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылап, алдағы ынтымақтастық үшін тікелей іскерлік байланыстар орнатты.

view 6
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.