Астанада Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі Асан Жәкішев және Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары Федерациясының өкілі Мехмуд-ул-Хассан Аванның қатысуымен Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Кездесу "Атамекен" ҰКП алаңында өтті.
Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің отырысының алдында Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Сансызбайұлы Қыстафин мен АТИФ ФТППП Президенті Икрам Шейхтің жуырдағы кездесуі өтті, онда олар елдер арасындағы іскерлік белсенділікті дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Сыртқы сауда палатасының өкілі Асан Жәкішев пен Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары Федерациясының өкілі Мехмуд-ул-Хассан Аван ҚР ЖТП мен ЖРП ФТПП арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың және өзара іс-қимылдың тиімді нысандарын әзірлеудің өзекті мәселелерін талқылады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша қатысушылар іскерлік кеңестің қызметін жандандыру, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде шешім қабылдады.