bg
bg
Басты бет Жаңалықтар VietJet Air әуе компаниясы...

VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосты

img

2026 жылғы 10 қазанда Алматы халықаралық әуежайында вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясының Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа рейсін іске қосу рәсімі өтті. Іс-шараға Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нгуен Тхань Ле, VietJet Air компаниясының бас коммерциялық директоры Ха Нанг Виет, Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Төксейітова, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының АСЕАН елдеріндегі арнайы өкілі Серік Әмірұлы, Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті Александр Микаутидзе және басқа да өкілдер қатысты.

Сөз сөйлеушілер Қазақстанның өзінің географиялық орналасуын тиімді пайдаланып, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы жаңа көлік бағыттарын дамытуда маңызды байланыстырушы көпір қызметін атқаратынын атап өтті. Қазақстанда «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін қолдануға мүмкіндік беретін «ашық аспан» режимінің қолданыста болуы бұл үдеріске қосымша серпін береді. Сонымен қатар, отандық әуежайлардың әлемнің түрлі өңірлері арасындағы түйісетін рейстерге қызмет көрсететін халықаралық хабтарға айналуына қосымша мүмкіндіктер ашылады.

Анықтама: VietJet Air — Вьетнамда құрылған алғашқы жеке әуе компаниясы. Өз стратегиясы аясында компания бүкіл әлемді қамтитын кең маршруттық желісі бар халықаралық топқа айналуды жоспарлап отыр. Вьетнам тарапымен әріптестік негізінде Қазақстанда 2025 жылдан бері VietJet Qazaqstan әуе компаниясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол Қазақстан ішіндегі рейстермен қатар, Бішкек, Самарқанд, Омбы және Новосибирск қалаларына ұшады.

VietJet Air алдағы уақытта Қазақстан Республикасы арқылы Еуропаның басқа да ірі қалаларына рейстер ашып, ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жоспарлардың жүзеге асырылуы елдер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, туристік және іскерлік сапарлардың артуына, сондай-ақ түрлі салаларда тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

view 42
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.