bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты

img

2026 жылғы 20 қарашада Вена қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысына қатысты.

Қазақстан тарапынан отырысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Аустрия тарапынан Аустрияның Федералдық экономика, энергетика және туризм министрлігінің экономика, инновациялар және халықаралық саясат жөніндегі бас директоры Флориан Фраушер ашты. Екіжақты саяси қатынастар мәселелері бойынша баяндама жасаушылардың қатарында Аустрияның Қазақстандағы елшісі Андреа Бахер болды.

Отырыс барысында екі елдің өкілдері екіжақты саяси және экономикалық қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық форматтары аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Күн тәртібінің едәуір бөлігі сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналды. Атап айтқанда, тараптар энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, логистика және көлік байланыстары салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастыққа, шикізат ресурстары мен аса маңызды минералдарды игеруге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту, қаржы секторы мен туризм саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар денсаулық сақтау, медициналық техника және өмір туралы ғылымдар (Life Sciences) салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ экологиялық технологияларды (Green Tech) енгізу және ақпараттық технологияларды дамыту мәселелерін қарастырды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы үшін комиссия жұмысына қатысу Қазақстан-Аустрия іскерлік кеңесі аясында аустриялық серіктестермен жүргізіліп жатқан өзара іс-қимылды толықтыра түседі. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары – екі ел компаниялары арасында тікелей байланыстар орнату, іскерлік қатынастарды кеңейту және экономиканың перспективалы салаларында бірлескен жобаларды пысықтау.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 19 қарашада Вена қаласында Қазақстан-Аустрия іскерлік кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Оның аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Аустрия-Қазақстан өзара байланыстылық платформасы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов пен платформаның вице-президенті Вольфганг Хесун қол қойды.

Меморандум сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуды, екі ел кәсіпорындары арасында тікелей байланыстар орнатуды, инвестициялық мүмкіндіктер, экспорттық әлеует және импорттық қажеттіліктер туралы ақпарат алмасуды, сондай-ақ іскерлік сапарлар мен салалық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуді көздейді.

view 65
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.