bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

img

Бүгін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Қазақстан тарапынан Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, ал Польша тарапынан Кеңес мүшесі Марта Лагод қол қойды.

Меморандумның жасалуы Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және екі елдің кәсіпкерлік қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.

Келісім аясында тараптар инвестициялар тартуға жәрдемдесу, бірлескен бизнес-жобаларды іске асыру, бизнес-форумдар, іскерлік миссиялар және B2B кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ нарықтар мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратпен алмасу жөнінде уағдаласты.

Шағын және орта бизнесті қолдауға, экспорт-импорт операцияларын дамытуға және компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдетуге және тұрақты іскерлік байланыстарды қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

view 36
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.