

Назар аударыңыз! Форс-мажор туралы жалған куәліктерге қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы форс-мажор туралы жалған куәліктерге қатысты алаяқтық әрекеттердің көбейгенін тіркеп отыр. Алаяқтар компанияларға заңды күші жоқ жалған құжаттарды ұсынып, бизнесті алдап отыр.
Еске саламыз, форс-мажор туралы куәліктерді беруге өкілетті жалғыз ұйым – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы (Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес ұйымы). Сыртқы сауда палатасы форс-мажорлық жағдайларды Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен сыртқы сауда мәмілелері талаптарына сәйкес куәландырады («Атамекен» ҰКП басқармасының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 42 шешіміне сәйкес).
Жалған куәліктер мемлекеттік органдар мен соттар тарапынан мойындалмайды және бұл бизнестің құқықтық мәселелерге тап болуына әкелуі мүмкін.
Алаяқтық схемалардан сақтану үшін компанияларға ақпаратты мұқият тексеруді және форс-мажор туралы ресми куәліктерді алу үшін тек Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына жүгінуді ұсынамыз. Егер сіз күмәнді құжаттарды немесе ұсыныстарды анықтасаңыз, бұл туралы дереу Сыртқы сауда палатасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Бизнесті қорғаңыз және қырағы болыңыз!