

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Шаньси провинциясы (ҚХР) делегациясымен кездесу өткізді

2025 жылғы 25 шілдеде Астана қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясынан келген кәсіпорындар делегациясы арасында жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстан тарапынан кездесуге Сыртқы сауда палатасының Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Алишер Даркембаев қатысты.
Қытай тарапынан делегация құрамында Шаньси халықтар достығы қауымдастығының құрметті директоры, Юньчэн Сауда-өнеркәсіп палатасының Қазақстан Республикасындағы бас өкілі, Lilon Gui Grande (Қытай) инвестициялық тобының директоры Гао Цзиньюй, Shanxi Huihua Building Materials Co., Ltd. компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Пэнфэй, Jinrun Trading Co., Ltd., Хэцзинь қ. компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цзэшэн, аталған компанияның бас директоры Ли Тао, сондай-ақ бас директордың орынбасары Чжан Цзицзян болды.
Кездесу барысында кен өндіру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар құру және шикізатты өңдеудің заманауи технологияларын енгізу мүмкіндіктері, қытайлық компаниялар үшін пайдалы қазбаларды өндіру жобаларына инвестиция салу жолдары, соның ішінде концессиялар, оффтейк-келісімшарттар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік түріндегі өзара іс-қимыл формалары, механикалық және бастапқы өңдеу өндірістерін Қазақстанға көшіру, сондай-ақ елдегі индустриялық аймақтар мен көлік инфрақұрылымының артықшылықтарын пайдалану, шекарааралық электрондық сауданы, логистикалық хабтарды және бірлескен өндірісті дамыту арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ Қазақстанда сәтті іске асқан қытайлық жобалар, соның ішінде өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансферті және инфрақұрылымға инвестициялар талқыланды.
Тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге және көрсетілген бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға мүдделілік білдірді.