

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «СтальЦинк» кәсіпорнымен жұмыс кездесуін өткізді

Астана, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «СтальЦинк» ЖШС директоры Берик Медяновпен – жол бойындағы тосқауылдық қоршаулар, металл конструкциялар өндірісі және ыстық мырыштау қызметтерімен айналысатын отандық өндірушімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Палата өкілдері кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, шығарылатын өнімнің жоғары сапасын, халықаралық стандарттарға сәйкестігін және заманауи еуропалық жабдықтарды қолдануын атап өтті. Ерекше назар шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын бірлескен кәсіпорын аясындағы ЛЭП тіректері мен жаңбырлатқыш машиналарды өндіру жобаларына аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «СтальЦинк» ЖШС өнімін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сыртқы сауда палатасы шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға және бейінді халықаралық көрмелерге қатысуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Отандық өндірісті қолдау және сапалы қазақстандық өнімді шетелге ілгерілету – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. «СтальЦинк» ЖШС жоғары технологиялық деңгей мен елеулі экспорттық әлеуетті көрсетуде», – деп атап өтті Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жакутова.