bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан–Сербия Үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты

img

2025 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында Қазақстан–Сербия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 4-отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Сербия Республикасы Үкімет төрағасының орынбасары – Ішкі істер министрі Ивица Дачич, Сербия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владимир Йовичич, Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мади Атамқұлов, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов атап өтті: «Біз тауар айналымының, экспорттық-импорттық операциялардың тұрақты өсімін, сондай-ақ елдеріміздің экономикаларының негізгі салаларында табысты жұмыс істеп жүрген бірлескен кәсіпорындар мен компаниялар санының артуын байқап отырмыз. 2024 жылы біз алғашқы Қазақстан–Сербия іскерлік форумын өткіздік және 2025 жылдың 4-тоқсанында, Сербия Президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында, келесі іскерлік форум мен Іскерлік кеңес отырысын өткізуге уағдаластық. Бұл қадамдар іскерлік байланыстарды нығайтып, ынтымақтастығымызға жаңа серпін береді».

Отырыста сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы, ғылым және технология салаларындағы серіктестікті дамыту, сондай-ақ бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы үшін тұрақты институционалдық алаң құру мәселелері талқыланды.

Ерекше назар 2025 жылдың 4-тоқсанында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Сербияның Сауда палатасы арасында өтетін Қазақстан–Сербия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысын өткізу туралы шешімге аударылды. Бұл формат кәсіпкерлерге ұсыныстармен тікелей алмасуға, бірлескен бастамалар әзірлеуге және оларды тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс, машина жасау, логистика, фармацевтика және ғылыми әзірлемелер алмасу аталды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Сербияның экономикалық өсуі мен өзара өркендеуіне ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.

 

view 68
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.