bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Нью-Делиде өткен Үндістан-Орталық Азия іскерлік кеңесінің отырысына қатысты

img

2025 жылғы 5 маусымда Нью-Делиде Үндістан-Орталық Азия іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара Үндістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының (FICCI) және Үндістан Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары қатысты.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасынан Іс басқарушы – Басқарма мүшесі Асан Жәкішев қатысты. Іскерлік кеңес аясында Үндістан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.

Ресми бөлімді Үндістанның Сыртқы істер министрі доктор Субраманьям Джайшанкар ашты. Құттықтау сөздерімен Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сөз сөйледі. ҚР Сыртқы істер министрі елдер арасындағы өткен жылғы тауар айналымы шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрағанын, ал соңғы 20 жылда Үндістаннан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 450 млн АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

Кеңес аясында Үндістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы (FICCI) мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екі ел кәсіпорындары арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мен дамыту мақсатында әзірленді.

Сонымен қатар, екі елдің іскерлік топтарының іскерлік байланыстарды дамытуға белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында фармацевтика, пайдалы қазбаларды өндіру және азық-түлік өндіру салаларында 600-ден астам үндістандық компания жұмыс істейді.

Іс-шара соңында қатысушылар B2B кездесулер өткізіп, іскерлік кешкі асқа қатысты. Кездесу барысында өңірлік компаниялар мен үнді бизнесі арасындағы нақты ынтымақтастық форматтары талқыланды. Үндістан-Орталық Азия іскерлік кеңесі жеке сектор деңгейіндегі экономикалық әріптестікті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді механизм ретіндегі рөлін тағы бір мәрте растады.

view 40
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.