bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан–Ресей Іскерлік кеңесінің X мерейтойлық отырысына қатысты

img

2025 жылғы 11 қарашада Орал қаласында, «Атамекен» өнер орталығында «Индустрияландыру мен импортты алмастырудың кілті – жұмысшы мамандықтарын дамыту» тақырыбында Қазақстан–Ресей Іскерлік кеңесінің X мерейтойлық отырысы өтті. Іс-шара Ресей мен Қазақстанның XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан тарапынан модератор ретінде Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұрат Жәкібаев, ал Ресей тарапынан – Ресейлік бөліктің атқарушы директоры Наталья Крючкова сөз сөйледі.

Отырыста екі елдің мемлекеттік органдарының, бизнес пен білім беру ұйымдарының өкілдері, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың, жоғары оқу орындары мен даму институттарының басшылары қатысты.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы атынан отырысқа Кеңестің қазақстандық бөлігінің теңтөрағасының орынбасары, «ABS Строй» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Барзони Набиев қатысты. Өз сөзінде ол индустрияландыру мен технологиялық тәуелсіздіктің негізгі факторы ретінде білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

«Жұмысшы мамандықтар – кез келген өндірістік жүйенің іргетасы, тұрақты экономикалық өсімнің негізі. Білікті мамандарсыз ең заманауи инженерлік идеяларды да іске асыру мүмкін емес. Дәл олардың шеберлігіне, тәртібі мен жауапкершілігіне жасалып жатқан нысандар мен өнеркәсіп өнімдерінің сапасы, сенімділігі және ұзақ мерзімділігі тікелей байланысты», – деп атап өтті Барзони Набиев.

Өз сөзінде ол сондай-ақ «ABS Строй», «Мостострой-12» және «Мостострой KZ» компанияларының ресейлік серіктестер – «Курганстальмост», «Тюменьстальмост», «Мостострой-11» және «Омский Мостовик» ұйымдарымен табысты ынтымақтастық үлгілерін келтірді. Бірлескен жобалардың қатарында «Нұрлы жол» теміржол вокзалына апаратын эстакада мен Павлодар қаласының айналма жолының құрылысы бар.

Отырыс қорытындысында бірқатар келісімдер мен шарттарға қол қою рәсімі өтті. Олардың ішінде «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі федералдық корпорациясы» АҚ мен «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум да бар.

view 246
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.