Қазақстанның сыртқы сауда палатасы «Silk Way Asia» цифрлық платформасының тұсаукесеріне арналған кеңеске қатысты
2025 жылғы 26 қыркүйекте Астанада «SW Asia Trade» ЖШС ұйымдастырған кеңесте Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілдері кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылға (B2B) арналған жаңа буындағы Silk Way Asia цифрлық маркетплейсінің іске қосылуына қатысты.
Іс-шара аясында және кәсіпкерлердің іскерлік кеңестері қызметінің контексінде платформаның цифрлық сауданы дамытудағы негізгі артықшылықтары, экспорттаушылар мен импорттаушыларды қолдау тетіктері, сондай-ақ жобаны халықаралық нарықтарға кеңейту жоспарлары таныстырылды.
Атап айтқанда, Silk Way Asia пилоттық жобасы Түрікменстанда сәтті енгізіліп жатқандығы және қазіргі уақытта Қытай, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан нарықтарына шығару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. Жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Президентінің елдің тауар айналымын арттыру және Қазақстанның өңірлік және жаһандық саудадағы негізгі ойыншы ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылуда.
Кеңеске сондай-ақ Алматы Сити қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Сағитұлы және «Kaztrade» АҚ қатысты. Тараптар сыртқы экономикалық қызмет саласындағы цифрлық бастамалардың дамуын оң бағалап, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою мүмкіндігін қарастырды.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасының қатысуы Silk Way Asia бастамасының сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, экспорттаушылар мен импорттаушыларды қолдау және заманауи Цифрлық Жібек жолын қалыптастыру құралы ретіндегі стратегиялық маңыздылығын айқындады.