bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның сыртқы сауда...

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қытайдың Янцзян қаласының делегациясын қабылдады

img

2025 жылғы 11 қыркүйекте Астанада Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған Астана–Янцзян сауда-экономикалық кездесуі өтті. Янцзян қаласы делегациясының сапары «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер іздеуге бағытталды. Янцзян – Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының теңіз жағалауындағы қаласы, халқы шамамен 2,8 миллион адамды құрайды.

Қытай делегациясының құрамына Янцзян халық үкіметінің мэрі Юй Цзиньфу, Янцзян қаласының Сауда бюросының бастығы Лин Фэнпин, сондай-ақ Yangjiang Shibazi Knife & Scissors Products Co., Ltd., Guangdong Jinhui Knife & Scissors Co., Ltd., Yangxi Yongguang Stainless Steel Products Co., Ltd., Guangdong Shunhe Industrial Co., Ltd. және басқа да ірі компаниялардың өкілдері кірді.

Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстанның сыртқы сауда палатасының коммерциялық қызмет департаментінің директоры Алишер Даркембаев қатысты.

Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды:

  • Янцзян қаласының өнімдерін (пышақтар, қайшылар, ас үй және тұрмыстық тауарлар, тот баспайтын болат) ілгерілету арқылы өзара сауданы кеңейту;

  • Қазақстан нарығының қажеттіліктерін зерттеу және өндірісті жергіліктендіру мүмкіндіктерін қарастыру;

  • Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және тұтыну тауарлары өндірісі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту;

  • Технологиялар алмасу, сапаны басқарудың заманауи тәжірибелерін енгізу және кадрларды даярлау;

  • Логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және тұрақты коммуникациялық арналарды қалыптастыру

Алишер Даркембаев өз сөзінде атап өтті: «Бүгінгі кездесу ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылауға және жаңа тоғыс нүктелерін табуға арналған маңызды алаң болып табылады. Біз жүргізілген келіссөздер бірлескен жобаларға, инвестицияларға және іскерлік өзара іс-қимылдың жаңа түрлеріне негіз болатынына сенімдіміз. Өз тарапымыздан Қазақстанның сыртқы сауда палатасы жан-жақты қолдау көрсетуге, іскерлік байланыстарды сүйемелдеуге және аймақтарымыз арасындағы тұрақты серіктестік қатынастардың орнауына жәрдемдесуге дайын».

 

Кездесу қорытындысында тараптар сауда-экономикалық әріптестікті тереңдетуге және өнеркәсіп, сауда мен инвестиция салаларында нақты жобаларды іске асыруға ниетті екендерін растады. Маңызды нәтиже ретінде болашақтағы ынтымақтастыққа практикалық мазмұн беру және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға басымдық жасау туралы ортақ келісімге қол жеткізілді.

 

view 62
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.